Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз мерзімді қысқартты

Таиланд үкіметі бірқатар елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының елде визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.


14/09/2026
09:08 0

Жаңа талаптар

 

Енді екі ел арасындағы үкіметаралық келісімнің талаптары қолданылады. Оған сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиландта визасыз 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады. Сонымен қатар 180 күн ішінде елде өткізілген күндердің жалпы саны 90 күннен аспауы керек. Яғни Таиландқа бірнеше рет барған жағдайда, алты ай ішінде елде болған барлық күннің жиынтығы 90 күннен аспауға тиіс.

 

Сапар 30 күннен ұзақ болса, не істеу керек?

 

Таиланд билігі бұл шешімді елде заңсыз жұмыс істеуге жол бермеу және виза мерзімін ұзарту үшін шекара асып, қайта кіріп-шығу сияқты әрекеттердің алдын алу мақсатында қабылдаған.

 

Таиландқа сапар жоспарлап отырған қазақстандықтарға жаңа талаптарды алдын ала ескерген жөн. Егер елде 30 күннен ұзақ болу жоспарланса, тиісті туристік немесе ұзақмерзімді визаны Таиландтың ресми дипломатиялық өкілдіктері арқылы алдын ала рәсімдеу қажет.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/09/2026 09:08
0

Уведомление